"Ақ жол" партиясының жетекшісі парламент сайлауына қатысты



Журналистермен сұхбаттасқан Ә. Бәйменов "бұл сайлаудың жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп жатқанын" атап өтті. "Тұтастай алғанда пропорционал жүйеге көшу мейлінше жоғары сапалы бәсекелестікті қамтамасыз етті", - деді ол.

Сонымен бірге Ә.Бәйменовтың мәлімдеуінше, мәжіліске өту үшін белгіленген жеті проценттік кедергі "Ақ жол" үшін қиындық болып табылмайды". "Мәжілістің жаңа құрамында "Ақ жол" партиясынан лайықты өкілдер болады дегенге сенімдіміз", - деді ол.

"Ақ жол" жетекшісі сайлау учаскесіне өзінің орынбасары Мақсұт Нәрікбаевпен бірге келді.