Ақбақай КБК алтын фабрикасын қалпына келтіру шілдеде аяқталмақ

Жоба құны 8,14 млрд теңге.

Қазіргі кезде қалдықтарды сақтайтын қойма, сұйықтық құятын және шайма резервтер құрылысы аяқталуға жақын.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, фабриканы қалпына келтіру мен жетілдіру нәтижесінде Ақбақай кеніштерінің өнімділігі 5 есе артып, жылына 1 млн тоннаға жуық шикізат алынбақ.
Фабриканы жаңғырту жобасы жеделдетілген мндустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып отыр. Және ол 2010-2020 жылдарға арналған «Ақбақай кластері» жобасының бірінші кезеңіне жатады. Жобаның жалпы құны 32 млрд теңге.
Ақбақай КБК құрамына «Ақбақай» кеніші, құрамында алтыны бар рудалар өндіретін ашық кеніш, кен-байыту фабрикасы, сынап пен сульфид қоспаларын өңдеуге арналған электр-металлургия цехы кіреді.