Ақбербаевтың жекпе-жегiнде Геннадий Головкин жанкүйерлiк етпек

Айта кету керек, Ақбербаев-Мино кездесуi бокс кешiнiң соңында болуы тиiс едi. Алайда телеарнаға және қазақстандық жанкүйерлерге ыңғайлы болу үшiн бiздiң боксшы кездесудi андеркарттың басына ауыстырды. Осылайша ол Астана уақыты бойынша 28 ақпаннан 1 наурызға қараған түнi сағат 01:00 сағатта жекпе-жек өткiзуi тиiс болатын. Қазiр белгiлi болғандай, «Казспорт» телеарнасы бағдарламасын өзгертiп, жекпе-жектi көрсетпейтiн болды.

Бүгiн Исаның қолдауы мықты болатыны сөзсiз. Себебi Геннадий мен Максим Головкиндер бокс кездесуiн тамашалау үшiн Гамбургке арнайы келдi.