Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Ақботаның жүрегін жаулап, өзіне ғашық еткен жігіттің есімі – Рауан. Жайықтың тумасы. Жасы 32-де. Ол да өнер алаңынан алшақ емес екен. Орал қаласындағы театрлардың бірінде актер. Алғаш рет екеуі осыдан екі жыл бұрын телефон арқылы танысқан көрінеді. Алдымен актер Рауан Ақботаның өнеріне ғашық болса, кейін әншінің өзіне көзі түсіп қалыпты.
“Одан кейін біраз дос болып осы қараша айында ұсыныс тастап, мен “сені бақытты қыламын” деп уәде бергеннен кейін көрейік енді деп, келістім”, – дейді Ақбота Керімбекова.
Осылайша, дос болып араласқан Ақбота қалай ғашық болып қалғанын сезбей қалыпты. Әншінің тұрмысқа шығуына балалары түсіністікпен қарапты.
“Енді балаларым өсті. Балаларым шетелде оқиды. “Мама өзіңіз жалғызсыз ғой, жаныңызға жақсы адам болса” біз қарсы емеспіз деді. Балаларым өздері рұқсат берген. Жаныңда жанашыр тірегің болғаны дұрыс қой. Тағдыр әркімдікі әр түрлі. Ешкімді кінәлай алмаймын. Ешкімге ренжімеймін де. Бұл өмір менікі”, – дейді әнші.