Ақбота Керімбекова күйеуімен бал айын өткізуге шетелге кетті

Жас жұбайлардың үйлену тойы әлі болған жоқ. Ақбота Керімбекова мен Рауан Дәулетов шаңырақ көтергендерін қасиетті Ораза айынан кейін атап өтпек. Әзірге жұп уақытты қалт жібермей, бал айын өткізуде.

Ақбота да, Рауан да желідегі парақшаларына Батумиде түскен суреттерін жүктеп, елге сәлем жолдады. Әншінің жүзінен бақыттың көгінде қалықтап жүргені байқалады.