Ақбота Керімбекова үшінші күйеуінен таяқ жеп, ауруханаға түскенін айтты


Үшінші рет тұрмысқа шығуым ақымақтық болды. Мен сезімге берілгішпін. Алланың бір сынағы ғой, көзіңді соқыр, құлағыңды керең етіп қояды ондай кезде. Әйел болсам да қолымнан келгенше жағдайын жасап, асырадым. Қол көтеретіні болды. Осы уақытқа дейін таяқ жемей жүріп, жасың қырыққа келгенде таяқ жеген жаман екен. Миым шайқалып, ауруханаға түстім»-дейді әнші. 
 
Дегенмен өнер иесі қайын жұртынан қол үзбеген. Ал бүгінде көңіл жарастырған адамы бар. «Ол кісі жайлы ештеңе айтпай-ақ қояйын. Жалғыз емеспін. Енді ештеңе айтпаймын, тыныш қана өмірімізді сүріп жатырмыз»-дейді.