Ақбота Сейтмағамбет: Дәурен әйелінен кетсе де, балаларын тастаған жоқ

“Сіздерге осы нәрсені түсіндіріп көрейінші. Біріншіден, біреудің байын тартып алатындай ол маған ойыншық емес. Қазақта “әйелді тастау” деген сөз бар, бірақ “баланы тастау” деген сөз жоқ. Әйелін тастаса тастаған шығар, ал балаларын тастаған жоқ. Шынымды айтсам, балаларын тастатқызбаймын да. Сіздерді түсінбедім. Баланы тастау деген – сұмдық нәрсе ғой. Барлығы әркімнің ойлау қабілетіне байланысты”, – дейді Ақбота Сейітмағамбет.


Мұнымен қатар, әнші баласының болашағына араласпайтынын айтты. Яғни оны қалаған саласына жіберуге әзір екенін жеткізді.