Ақбота-Нұр: “Дәурен балаларымның әкесі, бақытты болайық”


Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Дәуренмен ара-қатынастарыңыз қандай?

- Қалай болуы керек?! Әрине жақсы, бізде сәтсіз болған ол арадағы неке ғана, ал тұлға ретінде әрдайым бір-бірімізге сәлеміміз, құрметіміз орнында!
Балаларымның әкесі, әр басқан қадамына сәттілік тілеймін!

Енеңізбен қарым-қатынасыңыз жақсы деп есіттім, сол рас па?

Асыл әжемді (енемді) сыйлаймын, өз қызындай қабылдап, Аналық орнын көрсетіп келеді әрдайым.
Әрбір бастамамда қолдау білдіріп, тілеуімді тілейтін алтын адам аман болсын, немерелерінің жақсылығын көруді жазсын...

- Екінші рет тұрмыс құру ойыңыздар бар ма?

Кеңінен айтсам, жалпы жұпсыз жүру бақытсыздық емес. Адам өз-өзімен гармонияда әдемі тұрмыс кешіруді де білуы керек! Барлық қуанышты басқа бір тұлғадан іздеп, әйтеуір жалғыз қалмауға тырысып , өзін көрінгенге жұп етіп ұсына салатындарда аз емес. Адам ең әуелі өз-өзінің қадірін, өз-өзімен бақытты күйді жасай алатынын түсінгені абзал!
Ал енді тұрмысқа шығу туралы сұрағыңызға:
Әрине шығуға болады, Алланың қалауымен келетін адамның да рухани дүниесі кемелді болып, кісі қадірін білетін, азаматтығы мен адалдығы қатар дарыған тұрғыда , менің тарыдай бақытыма өз бақытын толықтырып, еселеп, әдемі отбасы боламыз деген ниетпен келуі сұрайтыным. Екі бақытты адам қосылғанда ғана сонысын бөлісіп, жарасып өте бермек бір ғұмыр! Барлығымыз бақытты болайық, - деп жауап жазды оқырмандарының сұрақтарына.