ТЖМ ақпаратына сәйкес, Ақмола, Алматы және Қарағанды облыстарында 29 ақпан күнгі сағат 6-да барлық бағыттар бойынша қозғалыс жанданды. Солтүстік Қазақстан облысында 29 ақпан күнгі 6 сағатта республикалық маңызы бар жолдар ашылды.
Сондай-ақ, Ақтөбе облысында 29 ақпан күнгі сағат 5-те Ақтөбе - Орск, Самара - Шымкент, Ақтөбе - Қарабұтақ жол учаскесінен басқа барлық республдикалық маңызы бар жолдар ашылды. Жолдарды тазалауға 13 дана К-700 және Т-150 тракторы, 8 дана МТЗ және Т-40 тракторлары, 5 дана шнекті ротор, автокөліктер, бұдан басқа да 11 бірлік қар тазартушы көлік, "Қазавтожол" РМК 110 қызметкері жұмылдырылды.