Ақмола облысы Үшсарт ауылында үй құстары жаппай құрбандыққа шалынуда

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Астанаға таяу жерде орналасқан Үшсарт ауылында құс тұмауына байланысты карантин жарияланған. Елдімекеннің аумағын қоршай бөгеттер тұрғызылып, шлагбаумды дезинфекциялық тосқауылдар қойылды. Автокөліктердің кіріп-шығуына тыйым салынып, ауылға бөтен адамдардың келіп-кетуіне шектеу қойылды.

Ауылшаруашылығы министрлігінің ақпаратына сәйкес, қазіргі жағдаймен Үшсарт ауылында 2745 басты құстың көзі жойылды. Ақырғы дезинфекциялық шаралар жүзеге асырылуда.