Ақмола облысы «жасыл аймаққа» өтті

Ақмола облысы бүгін коронавирустың таралуы бойынша «сарыдан» «жасыл аймаққа» өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде өткен тәулікте 45 адамнан қауіпті індет анықталған.

Өсім – 0,3%. Бұл осы айдың басындағы көрсеткіштен 3-4 есеге төмен.

Бірақ сала мамандары «әзірге карантин талаптары жеңілдетілмейді», дейді. Себебі, жағдай бірнеше күн бақыланады.


Жалпы пандемия басталғалы Ақмола облысында 15 мыңнан астам адам коронавирусқа шалдықты.