Ақмола облысына 12 мыңнан астам жоғары өнімді мал басы әкелінді


 Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметов мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, облысқа әкелінген мал негізінен шетелдік селекциядағы ет бағытында. «Жалпы, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 14 мың мүйізді ірі қара мал басы әкелінді», - дейді Қ. Айтмұхаметов.