Ақмола облысы Еерейментау және Шортанды аудандық мәслихаттары 1948-жылы туған Светлана Жалмағамбетованың кандидатурасын ұсынып отыр. Ал 1962-жылы туған Айсұлу Бұжбанова сенат сайлауына дербес кандидат ретінде атын ұсынды.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, сенаттағы Ақмола облысы өкілінің бос қалған орнына депутат сайлаудың күнтізбелік жоспары бойынша кандидаттарды тіркеу 13-шілдеде басталады. Ал депутат сайлауы 2003-жылдың 23-тамызына белгіленді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2002-жылдың қазан айында Ақмола облысынан сенаторлыққа сайланған Марат Қойшыбаев депутаттық мандатынан айрылып қалған болатын.