Ақмола облысында 10 жасар қызды зорлаған күдікті іздестіріліп жатыр

Көкшетауда полиция кәмелет жасқа толмаған қыз баланы зорлаған күдікті ер адамға іздеу жариялады, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде.

Көкшетау ІІД сағат 19.20-да қыздың ата-анасы арыз түсірді. Олардың айтуынша, сағат 19.00 шамасында "№10 мектеп" автобус аялдамасының маңында бейтаныс ер адам қыздарының басынан ұрып, оның еркіне қарсы зорлық жыныстық әрекет жасаған.

Сараптама тағайындалып, 120-баптың 3-бөлімі (зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Оқиға орнында тергеу жедел тобы жұмыс істеп жатыр.