Колледждің жабылғаны туралы хабар студенттерге әлі түгел жетпеген. Өйткені көбісі жер-жерде өндірістік тәжірибеде жүр екен. Есікке қара құлып салынғанын көрген оқытушылардың өздері де аң-таң.
Сергей Орлов, колледж оқытушысы:
-Әй-шәй жоқ, жиһаздарды көшіре бастады.Мен айғай-шу шығарып өз кабинетімдегі мүлікті алып қалдым. Бұлары несі? Қаншама жыл еңбек етіп келеміз. 200-дей студент бар, олар адам емес пе? Ескертіп, жағдайды түсіндіріп, бір амалын таппай ма?
Ата-аналар да қолдарына келісім-шарттарын алып осында жетіпті. Бірақ олардың құжаттарына қарамақ түгілі, сөздеріне құлақ асар басшы жоқ. Әсіресе, оқу орнын биыл тәмәмдайтын балаларға қиын болды.
Ирина Проходова, 4 курс студенті:
- Тәжірибе жинауға кеткен едім. Осы хабарды естіп дереу жеттім. Енді қалған 4 айды қайда барып оқимын. Жеке меншік екен деп ойларына келгенін істеу керек пе?
Айқай-шу шыққан жерге «Зерен» колледжінің құрылтайшылары өздерінің өкілдерін ғана жіберіпті. Айтуларынша, оқу орны шәкірт санының аздығынан жабылған.
Валерий Кривошеев, «Көкше» академиясының вице-президенті:
-«Зерен» колледжі студенттер санының аздығына орай тиімсіз деп танылып, оқу процесі тоқтатылсын. Колледж жабылсын.
Бір жылдық оқу ақысы мұнда 80 мың теңге. Бұл соманы түгел төлеп тастағандар да жетерлік. Ашынған ата-аналар енді құзырлы орындардың барлығына шағым жазып жатыр.
Loading...