Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Әкімдіктің мәліметінше, Ақмола облысының бас шыршасы «Bolashaq sarayi» балалар мен жасөспірімдер сарайында жағылды.
Мерекелік іс-шараға облыстың барлық ауданы мен қалаларынан 200 жуық бала қатысты. Облыс әкімі Марат Ахметжанов Мемлекет басшысының атынан бүлдіршіндерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Фото: Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
«Бүгін мемлекет сіздер үшін қажеттінің бәрін жасауда, жаңа мектептер салынуда, жақсы білім алу үшін жағдай жасалып жатыр. Президент атап өткендей, егер балалар бақытты болса – бұл мемлекеттің болашағы зор екендігінің көрсеткіші. Біздің басты байлығымыз – сіздер», - деді өңір басшысы.
Фото: Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Шортанды ауданынан келген «Зерде» ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы 12 жасар Әлжан Төлеген үшін облыстық шырша өмірдегі ең есте қаларлық және маңызды оқиғалардың біріне айналды.
Фото: Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
«Мені шақырған кезде қатты қуандым. Бұл менің өмірімдегі маңызды оқиға. Мен мұны әрқашан есте сақтаймын. Бізге осы қуанышты сыйлағаныңыз үшін рақмет», - деді қатысушы.
Фото: Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жаңа жылдық мерекелік бағдарлама театрландырылған қойылыммен және ертегі кейіпкерлерінің сүйемелдеуімен ашылып, шыршаны жағумен жалғасты.
Мереке соңында қоңақтарға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан 100 мың теңгеге ақшалай сертификаттар және тәтті сыйлықтар түріндегі жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді.
Фото: Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі