Айдарлы ауылының тұрғындары жаңа су құбыры тартылып біткенде 70 жыл көрген қиыншылықтарын бір сәтте ұмытқан. Бірақ олардың қуаныштары ұзаққа бармады. Бұ құбыр аязда тегіс қатып қалды. Қыс ішінде ауыз сусыз қалған жұрт талай басшының табалдырығын тоздырғанымен, нәтиже жоқ.
Кәркен Кәрімов, Айдарлы ауылының тұрғыны:
-Су тартқанда бәріне қосты ғой. Содан қатып қалды. Жалынып-жалпайып, анау Қошқарбайдан тасимыз. Өзім Зерендіге барсам 1 фляг ала келем, қалаға барсам қаладан әкелем. Әйтеуір өлместің күнін көруіміз керек қой...
Гүлнәр Кәкімова, Айдарлы ауылының тұрғыны:
-Шамасы келгендер трактормен әкеледі. Зерендіден, Чаглинкадан, аннан-мыннан балаларымыз әкеп береді. Өте қиын. Осы мәселені ешкім шешпейді. Білмеймін басшылар не ойлайтынын?Қаншама мемлекет қаржысына салып еді Айдарлыға.
216 млн теңгеге құбыр тартқан «Байсын» компаниясы бұған дейін екі рет келіп жөндеген сыңай танытқан. Қазір тұрғындардың өздері қыстай суағарларды қыздырумен әлек. Ал коммуналдық қызмет бөліміндегілер 2 жыл кепілдік берген мердігерді таппай жүр.
Серік Тәшімов, «Зеренді сервис» МКК директорының орынбасары:
- Мердігерді күтіп отырмыз. 150 метр жердегі суды жылытуға жағдай жоқ бізде қазір. Келуге тиісті 1-2-3 күнде.
- Мердігер қайда?
- Астанада. Басқа қолданатын техника жоқ.Оны қайта қазып, жылыту керек.
Бәрінен бұрын ауыл мектебі мен балабақшаға қиын. Балалардың қолдары мен ыдыс аяғын жууға кейде бір тамшы су да болмай қалатын көрінеді.
Loading...