Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
«Өрт бүгін түнгі уақыт 04:03 шамасында Атбасар ауданының Новомариновка аулындағы екі пәтерлі тұрғын үйде орын алған. Тілсіз жауды ауыздықтау барысында 1988 жылғы әйел мен 2008 және 2009 жылдары туған екі ер баланың мәйіті табылды», - деп көрсетілген хабарламада.