Ақмола облысында 3 үшем дүниеге келді


Бұл туралы облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Статистиктердің мәліметтері бойынша,  2014 жылдың қаңтар-тамызы аралығында  Ақмола облысында 8697 сәби дүниеге келген.  Оның ішінде  4438-і ер бала болса, 4259-і қыздар. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың басынан есептегенде бүгінгі күні облыс аумағында 57 егіз бала және 3 үшемнің туғаны тіркелген. Мұндағы үшемдер мамыр және тамыз айларында Көкшетау қаласында 2 үшем (2 қыз баламен 1 ұл) және Бұланды ауданында 1 үшем (3 ұл) дүниеге келген.