Бұл туралы оқиға орнында жүрген ТЖД арнайы жедел штап басшысы өртке қарсы қызмет подполковнигі Нұрлан Күлбаев хабарлады.
Оның айтуынша, дәл қазір уақытта 4 293 киіктің өлексесі жерге көмілген.
«Қазіргі кезде, Жарқайың, Жақсы аудандары аумағында ТЖД қызметкерлері мен арнайы құрылған жедел топ жұмыс істеуде. Өлген жануарлардың өлексесін анықтап, арнайы қазылған жерлерге тасымалдануда», - дейді Н.Күлбаев
Еске сала кетсек, осыдан бірер күн бұрын 1 мыңға жуық киіктің өлекселері Қостанай облысымен шекаралас Жарқайың ауданының Құмсуат селолық округі және Жақсы ауданының Терісаққан селолық округі аумағынан табылған болатын.