Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақмола облысының Шортанды кентінде Астана - Петропавловск тас жолының 65-ші шақырымында 26 желтоқсанда "Фольксваген" автокөлігінің жүргізушісі "Ниссан" автокөлігімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан "Фольксваген" жүргізушісі мен үш жолаушы жарақат салдарынан оқиға орнында жан тапсырды; "Ниссан" жүргізушісі мен оның жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.