Ақмола облысында 40 шақты түлкіні атып алған браконьер құрықталды

Прокурор Дархан Аманбайдың айтуынша, оның көлігінен 37 түлкі терісі мен 16-калибрлі мылтық табылған.

Бірақ, оның аң аулауға рұқсат қағазы жоқ болып шықты.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.