Ақмола облысында 60 жолаушы мінген автобус жолдың шетіне ауып қалды


«Қазавтожол» АҚ филиалының хабарлауынша, автобустағы 60 жолаушының он шақтысы жарақат алған көрінеді.
Зардап шеккен жолаушылар Астанадағы ауруханаларға жеткізілді.
Бастапқы болжамдарға сүйенсек, апат көктайғақ салдарынан болған болуы ықтимал. Мекемедегілер жол апаты 23 жастағы жүргізушінің де кінәсі болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.
Қазір оқиға орнында шұғыл әрекет ету топтары жұмыс істеп жатыр.