Оқиға 2 ақпанда Бұланды ауданында болды.
"Орталық аудандық ауруханаға 1986 жылғы әйел және 2015 жылғы ер бала "жеңіл деңгейде иіс тию" диагнозымен жеткізілді", — деп ақпараттандырады ТЖД.
Ведомстводан хабарлағандай, улану қатты отынмен жанатын пешті дұрыс жақпаудан болған.
"Ауруханаға жатқызылған әйел мен сәбидің жағдайы қазір қанағаттанарлық",- деп қосты ведомстводан.