Ақмола облысында әйелі қызғаныштан күйеуін пышақтап тастады

Жапа шеккен адамның сол жақ жамбасының қан тамырлары зақымданған. Бірнеше сағат өткеннен кейін ер адам жан тапсырды.

Жедел іздеу шараларының барысында полиция қызметкерлері өлімге әкеп соққан пышақ жарақатын зардап шегушіге оның әйелі салғанын анықтады. Ал жанжалдың тууына қызғаныш себеп болған.

Қазіргі уақытта 34 жастағы күдікті әйел ешқайда кетпеу туралы қағазбен босатылды. ҚР ҚК 103-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.