Ақмола облысында әкімді бауыздаған қаскөй қамауға алынды

Бағдат Бәтенов Белағаш ауылының әкімі Яна Крыльды әкімдік ішінде пышақтап өлтіріп, одан соң өзіне өзі қол салмақ болған. Өз-өзіне енді келген күдікті ауруханадан абақтыға аттанды. Қаскөй әкіммен азаматтық некеде тұрған екен. Ауылдастарына шатақ мінезімен танылған Бәтенов сол күні де әйелінің жұмыс орнына баса көктеп келіп, жанжал шығарыпты. Ал суық қару ала келгеніне қарағанда, ол қылмысқа алдына ала дайындалып келгенге ұқсайды. Енді ол кемі 12 жыл бостандық көрмеуі мүмкін.

Loading...