Ақмола облысында Ақан серінің Балқадишасына ескерткіш орнатылды

«Қызы едің Ыбырайдың Балқадиша»...деп талайдың жүрегін жаулаған әнді Ақан сері осы Зеренді жеріндегі Қараөткел ауылында шығарған. Ал 1925 жылы оны Әміре Қашаубаев Парижде шырқап, бүкіл Еуропаға қазақтың ән өнерін паш етті. Бұл туындыда Ақан сері 16 жасар хас сұлу Балқадишаның ата дәстүр бойынша атастырылып, теңіне қосыла алмайды- ау деген өкінішін білдірген. Сол Балқадиша 5 бала сүйіп, 1954 жылы 70-тен асқан шағында дүниеден озыпты. Осындай көпке үлгі болар аналарымызды ұлықтап, оның ұрпақтары ескерткіш орнатып отыр. 5 жарым миллион теңгеге түскен монументке қаражатты жергілікті тұрғындар өздері жинаған. Еңселі  ескерткішінің салмағы 6 тонна, биіктігі 8 метр.

Күләш Рақымжанова,Балқадишаның немере сіңлісі:

-Балқадиша бұл-қарапайым қазақ қызы болғанымен Көкше өңірінде туған талай дарабоз көмейіне алла тағала өнердің ұясын салған Ақан ағамызбен бір тойда кездесіп, Балқадишаның өнеріне, кішіпейілдігіне қазақ қызының сұлулығына тәнті болғаннан кейін бір кеште шыққан әннің қасиеті.

Loading...