Ақмола облысында ашынған жұрт сасық суды шенеунікке мәжбүрлеп ішкізді

70 үйлі қазақ ауылына осы су магистралі тартылғалы қараша жергілікті басшылармен арпалысып келеді. Құбыр қатып қалып, қыстай қар ерітіп қиындық көрсе, енді суы ішуге жарамсыз. Оның сасық болуы құдықтың мал өлексесін көмген маңайға салынғаныннан дейді ауылдықтар.

Қаркен Кәрімов, Айдарлы ауылының тұрғыны:

- Шашылған малдың өлімтігі. Соның қасына апарып қойды. Қардың суы бәрі ерігенде, онда бармай, қайда барады.

Кезінде кеңшардағы малдың өлексесі көмілген орын қазір тып-типыл тегістелген. Жұрт бұл жерге құбыр тартуға болмайтынын талай ескертіпті. Мына ыстықта шөлдеп келген балалар қайнамаған суды ішіп жүре береді.

-Міне,міне, ағарып тұрған бірнәрселер бар. Қарашы. Ана жолы ақ құрт шықты.

Құбырды бақандай 216 млн теңгеге астаналық компания тартқан екен.  Енді бір жыл кепілдігі аяқталмай тұрып, жұрт су тазартатын қондырғы орнатып беруді сұрауда. Бұған мән беремеген шенеуніктер бүгін халықтың қаһарына ұшырады.

Жадай Әбутәліпов, Зеренді кенті әкімінің орынбасары:

-Бізде 2014 жылғы аудандық СЭС-тің қортындысы бар. Су жарамды ішуге деген.

Қанат Әленов, Айдарлы ауылының тұрғыны:

-Сэс тексерді. Сэс кімге бағынады. Әкімдікке. 216 миллион ол кімге кетті, қалтасына кетті. 216 миллионға әр үйге кіргізуге болар еді. 70-ақ үй бар.

Енді тұрғындар құрты бар сасық суды тәуелсіз сараптамаға апармақ. Сосын әкімінен бастап сотқа береміз дейді. Дәл қазір қолдарына түскен коммуналдық қызмет басшысы Нұрлан Боқаевқа сасық судан дәм татқызды.

-Ішші,іш деймін. Әні, құрт жүр. Көрдің бе? Іш ал. 

Loading...