Ақмола облысында астық жинау науқаны кешігіп басталды

Ақмола облысының диһандары астық жинау науқанына он-он бес күн кеш кірісті, деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық аулышаруашылық басқармасының басшысы Аманбек Қалжанов мәлімдеді.


           Аймақта барлығы 4,3 млн га жерге дән егілген .
           Терім науқанының кешеуілдетіп басталуына жауын-шашын себеп болды. Жаз бойы барлығы 41 күн жаңбыр жауды, бұл дәннің пісіп жетілуіне кедергі келтірді.