Ақмола облысында Атбасар ауданында дамбы жарылды

Ақмола облысында Атбасар ауданында су тасқыны уақытша  дамбыны жарып жіберді.


"Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің хабарлауынша, ұзындығы 4 шақырым  топырақ үйіндісінің бір жағын су жұмада ертеңгілік уақытта жарып өткен. Оншақты үйді су басып қалды, шамамен 60 отбасы эвакуацияланды.
Ол жерде 300-ден аса құтқарушы жұмыс істеп жатыр.
Атасбар қаласының шетіндегі жағдай әлі қиын болып отыр.
Кеше ІІМ ТЖ комитетінің төрағасы Владимир Беккер Атбасарға халықты эвакуациялау мен қаланың инженерлік қорғалуы  жұмыстарының ұйымдастырылуын тексеру үшін келген болатын.
Бейсенбіде Жабай өзенінде су деңгейі тым қатты көтеріліп кеткендіктен Атбасарда жергілікті тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары басталған болатын.