Ақмола облысында Атбасар қаласының тұрғынынан 1 кг астам героин тәркіленді

Бөлімнің ақпараттарына сүйенсек, кеше Атбасардың шетінде Ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында 1967 жылы туған, аталмыш қаланың тұрғыны Н деген азаматты ұстаған. Одан әрі тінту барысында оның "Мазда" маркалы көлігінен 1 кг 35 г героин табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараттарына сүйенсек, Ақтауда Ішкі істер басқармасы мен ішкі істер департаментінің есірткімен күрес бөлімдерінің қызметкерлері Өзбекстан азаматын ұстаған, одан 836 грамм героин табылып, тәркіленген.

Сондай-ақ, Ақмола облысының Ақкөл қаласында полицейлер жедел іс-шаралар жүргізу барысында көшеден осы қаланың 25 жасар тұрғынын ұстаған. Тінту барысында одан 174 грамм героин табылып, тәркіленді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті