Ақмола облысында аудандық ІІБ-нің тергеушісі жол апатынан мерт болды

Бұл туралы "ҚазАқпарат" тілшісіне құқық қорғау қызметкерлерімен хабарласқанында белгілі болды.

Есімін атауды жөн көрмеген полиция қызметкерінің айтуынша, мерт болған полиция қызметкері Бурабай аудандық ІІБ-інде тергеуші болып жұмыс істеген. 

Қайғылы оқиға бүгін таңертең болған. Көлігімен қатты жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан 23 жасар полиция тергеушісі Щучье қаласынан шыға берістегі полиция бекетіне соғылып, мерт болған.

Қазіргі кезде оқиғаның себебі анықталуда.