Ақмола облысында әуе апаты орын алып, бір адам қаза тапты

Апатқа ұшыраған арнайы авиахимиялық қолданыстағы АН-2 ұшағы екені анықталды. 

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұлов хабарлады, деп жазды Caravan.kz медиа-порталы

Апат салдарынан әуе кемесінің командирі қаза тауып, 2-ші ұшқыш пен техник–көмекші алған жарақаттарына байланысты емдеу мекемесіне жеткізілді.


Әуе кемесінің апатқа ұшырау себебін анықтау мақсатында тергеу жұмыстары басталды.