Ақмола облысында ауыл әкімін пышақтап өлтіріп, оның жолдасын жаралады

Полицейлердің мәліметі бойынша, Жақсы ауданындағы Белағаш селолық округі әкімі мен оның жолдасына 1978 жылғы ер адам шабуыл жасап, бірнеше жерден пышақ салған. Сонымен қатар, күдікті өз-өзін де бауыздап, қол салмақ болған. Осының салдарынан село әкімі аудандық аурухананың жасақтау бөлімінде көз жұмды. 


Ал, оның жолдасы мен күдікті хирургиялық бөлімшеде жатыр.

Болжам бойынша 37 жастағы ер адамның мұндай қылмысқа баруына село әкімімен өзара туындаған жеке кикілжің себеп болған көрінеді.