Ақмола облысында автокөліктің аударылуы салдарынан бір адам мерт болып, төрт адам жараланды

Жол апаты облыстың Атбасар ауданындағы айналма жолда шыққан. "Мерседес" автокөлігінің жүргізушісі автокөлігін аударып алды. Апат салдарынан бір жолаушы оқиға орнында мерт болып, жүргізуші мен тағы үш жолаушы, соның ішінде 9 жасар бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.