Бұл туралы Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
12 қарашадан бері оны туыстары, еріктілер және полиция қызметкерлері үздіксіз іздеген болатын.
Әйел 20 қараша күні 17.30 шамасында Ошақ ауылынан екі шақырым жерден табылған. Полицейлер әйелдің денесінен зорлық белгілері табылмағанын айтты. Алдын-ала деректер бойынша ол қатты суықтағаннан қайтыс болуы мүмкін.
Ошақ саласында күйеуімен және 12 жастағы қызымен бірге тұрыпты. Тағы бір қызы мен ұлы Астанадағы медициналық колледжде білім алып жатыр. Базаргүлдің өзі болса ауылдық әкімдіктің әлеуметтік қызметкері болып жұмыс атқарған.