Ақмола облысында балалар орталығында демалып жүрген қыз ішек инфекциясынан қайтыс болды

Қызды сейсенбі күні Бурабай ауданындағы «Континент» балалар демалыс орталығынан ауыр хәлде ауруханаға жеткізген, деп облыстық аурухананың бас дәрігері Қайыр Әбдірахманов мәлімдеді.

Кішкене қыз бүгін таңертең ішек инфекциясынан қайтыс болған. Оған барынша көмек көрсетілгенімен, аман алып қалу мүмкін болмаған.

Қыз демалыс орталығына Қарағанды облысынан 40 баламен бірге келген.