Оның басты мақсаты - балалардың құқығы қамтамасыз етіп, мүдделерін қорғауға арналған мемлекеттік саясатты іске асыру. Департамент қызметкерлері балаларға қамқорлық жасап, олардың құқын қорғап, жас жеткіншектердің рухани дамуына үлес қосып, жалпы жағдайды қадағалап отырады.
Мамандардың құзырына тренингтер мен семинарларды өткізу, балалардың өмірін жақсартуға бағытталған түрлі шаралар мен қорқорлық көрсететін от басылардың тізімін дайындайды. Департамент қызметі қадағалау орган ретінде балалар үйлерінің санын, қамқорлық- патронаттық отбасылар санын ұлғайту арқылы азайтады.
Департамент, сондай-ақ, бақылау жұмыстарын жүргізіп, балалар мүддесі үшін заңдарды реттейді.
Н. Замолоцких атап өткеніндей, бүгінде жоғарғы даму дәрежесіне жеткен мемлекеттің, қамқорлыққа зәру болып отырған жас жеткіншектерге өз тарапынан толығымен қамқорлық жасауға күші бар. Сондықтан қор жабылып, жаңа департамент құрылды.
Жаңадан құрылған департамент жетекшісі атап өткеніндей, бұдан бұрын қор арқылы балалар үйінің түлектеріне стипендия төленген. Енді айлық төлемді департамент төлейтін болады. Ақмола облысының 475 студентінің тізімі департамент білімінің келісіміне берілді. Қаржы төрт жыл бойы бөлініп отырды.
Департамент Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен және "Қазақстанның жастар медиаодағымен" бірлесе отырып "Балалық шақ досы" атты байқау ұйымдастыруда.
Байқау шеңберінде ең үздік балалар кітабы, аурухана, ТВ-бағдарламасы, үздік мемлекетік қызметкер, композитор, меценат, сайт, портал айқындалады. "Бұның бәрі жас жеткіншектердің бақытты балалық шағын қамтамасыз етуге, қоғамның назарын балалар мәселесіне аударуға бағытталған. Байқаудың қорытындысы Тәуелсіздік күні қарсаңында жарияланып, жеңімпаздар жеке сыйлықтармен марапатталады", - деп толықтырды Н. Замолоцких.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті