Caravan Logo

Ақмола облысында белгісіз снарядтың жарылуы салдарынан үш адам зардап шекті

Ақмола облысында белгісіз снарядтың жарылуы салдарынан үш адам зардап шекті

Жексенбі күні Целиноград аудандық ауруханасына жарықшақтан көптеген жарақат алған үш ауыл тұрғыны жеткізілген. Олардың бірі 27 жастағы жігіт ауруханада көз жұмды.

Полицияның айтуынша, олар Қарасу өзеніндегі көпір астынан тауып алған белгісіз снарядты шегемен ашып көрмек болғаны анықталған.