Ақмола облысында бір жасар қыз ыдыстағы суға батып кеткен

Бақытсыз оқиға кеше кешкісін болған. Қыз ата-ананың қарауынсыз диванда ойнап отырған. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне аймақ полициясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ата-анасының айтуынша, бала аңдаусызда су тұрған ыдысқа құлап, тұншығып қалған.


Осы факті бойынша тексеру жүргізілуде.