Ақмола облысында бірнеше полиция қызметкері сотталды

Аршалы аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы, оның екі орынбасары, ұш аға тергеуші және учаскелік инспектор қылмысты бүркемелегені, қызметтік жалған әрекетке барғаны, өкілеттігін асыра пайдаланғаны, адам ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл үшін олар бес жылдан жеті жылға дейін жалпы режімді колонияға бас бостандығынан айырылды деп облыстық сот мәлімдеді.

Іс материалына сәйкес, былтыр тамыз айында Астанада өлтіріліп, Аршалы ауданына апарып далаға лақтырылған ер адамның мәйіті табылған. Көрсеткішті бұзбау үшін полицейлер мәйітті басқа жерге апарып, көміп тастаған, жалған құжаттар жасаған, ал екі куәгерді бірнеше ай басқа облыста қамауда ұстаған.