Ақмола облысында боран кезінде бес адам жоғалып кетті

Тарасовка ауылының екі тұрғыны шөпке кеткен күйі жоғалып кеткен, құтқарушылар оларды тек түнде тауып алды, деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

Тағы екі ер адам Шортанды ауданында жоғалған, олар түнде Шортанды мен Степной ауылдарының екі ортасынан табылды.

Ақкөл қаласынан Домбыралы ауылына кешке жаяу шығып кеткен ауыл тұрғыны боранда адасып кеткен. Оны табу мүмкін болмаған. Таңға қарай ауа райының нашарлауы салдарынан оны іздеу уақытша тоқтатылды.