Ақмола облысында бромы бар ампула жарылып, мектеп оқушылары эвакуацияланды


Оқиға өткен дүйсенбіде Бурабай ауданының Баянбай селосында болды, деп хабарлады сейсенбіде "Интерфакс-Қазақстанға" облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Ақпаратқа қарағанда,25 мл бромы бар ампула мектеп сейфінде жарылған.
Ол жерге құтқарушылар шақыртылды, мектептен 160 адам эвакуацияланды. Оның 120 бала, 40-ы ұстаз.
Сейф мектептен шығарылды, ғимарат іші желдетіліп алынды.
Сейсенбіде бұл мектепте сабақ жалғастырылды.