Ақмола облысында демалыс күндері жол апатынан 6 адам қаза тапты

Алдын ала болжамға сай, қайғылы жағдай күтпеген жерден қардың жауып кетуінен болған. Жол анық көрінбей Алматы-Екатеринбург тас жолына жақын Колутон ауылында жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлады 24.кз.  

Жеңіл көліктегі 3 жолаушы тілге келмей көз жұмды. Үшеуі де бір отбасының мүшелері екен. Сондай-ақ «Көкшетау-Астана» тас жолындағы Бурабай ауданында жүргізуші рульге ие бола алмай, иесіз қалған ғимаратқа барып соғылған. Соңында 3 жолаушы қаза тапты. Жүргізуші адам тасымалымен айналысқан. Қазір күдікті қамалды.

- Оқиға орнында екі жолаушы қаза тапты. Үшіншісі ауруханада көз жұмған. Қалған төртеуі Шудағы аудандық ауруханада жатыр. Олар Алматы облысының, Көкшетау, Шу тұрғындары, деді ІІД баспасөз қызметкері Әсем Әбдірахманова.