"Әлемдік экономиканың ауылшаруашылығы өнімдеріне деген сұранысы өсе түсуіне байланысты астық дақылдарын өндіру көлемін ұлғайтуды талап етеді", -деді А. Есімов.
"Бұл проблеманы шешу үшін өндірісті қарқындандырумен қатар, қордағы жерлер мен тыңайған жерлердің есебінен ауылшаруашылығы айналымына жаңа жерлерді енгізу секілді экстенсивтік факторларлды да пайдалану қажет", - деді ол.
Ауылшаруашылығы министрі Ақмола облысының үлесіне елімізде өндірілетін астықтың 22% тиетінін атап өтті.
Сонымен бірге А. Есімов "егіншаруашылығында өндірісті әртараптандыру, техникалық паркті жаңалау, дақылдарды өңдеудің қазіргі заманғы ресурс үнемдеу технологияларына жедел көшу проблемаларының өзектілігі артты", деді.
"Ал әзірге елімізде егіс алқаптарының тек 24% ғана озық технологиялар қолданылады. Ал республикалық орташа көрсеткіш 28% құрайды. Әсіресе, майлы дақыларды, көкөністер мен жидектік дақыларды, жемдік дақылдардың егіс алқабын кеңейтуге баса назар аударылуға тиіс. Осында ондай ауқымды қор бар", -деді ол.