Ақмола облысында егіс науқаны аяқталды

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Аманбек Қалжанов хабарлағандай, бидай 4,2 млн гектарға егілді.

Егіс науқанына диқаншылар мамыр айының ортасында кіріскен.

Егіс науқанының көлемі үстіміздегі жылы 30 мың гектарға ұлғайған. Егістіктің жалпы көлемі аймақта 4,7 млн гектарды алып жатыр.

Ауыл шаруашылығы басқармасы биыл өнімді өткен жылғыға қарағанда жоғары деңгейде алуды көздеп отыр. Өткен жылғы көрсеткіш - 5 млн тонна, өнімділігі – гектарынан 12,5 центнер болатын.


Ақмола облысы Қазақстанның аймақтары арасында бидай өндіруден негізгі аймақтардың бірі саналады.