Ақмола облысында екі адам аязда тоңып қаза тапты


Ақсу ауылында 15 қаңтар күні көшеде жаяу жүргіншілер 1975 жылы туылған үйсіз-күйсіз әйел адамды тауып алды. Оны полиция бөлімшесіне жеткізген, алайда жедел жәрдем келгенше, әйел адам қаза тапқан.  Екінші оқиға Целиноград ауданында болды. Шалқар аулының шетінде 1963 жылы туылған жергілікті тұрғынның денесі табылды.  “Екі оқиғада да өлімнің бастапқы себебі – ағзаның қатты тоңазып кетуі. Мүрделер мәйітханаға жіберілді, сараптама тағайындалған”, — деп қорытты агенттікке сұхбат беруші. Синоптиктердің мәліметінше, бұл күндері өңірде ауа температурасы 20 градус аяз.