Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Полицейлердің мәліметі бойынша, ақпанның 8-і күні түнгі 23:05 минут шамасында Аршалы аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне учаскелік инспектор телефон арқылы хабарласып, 1986 жылы туған Юрий Сысоевтың із түссіз жоғалып кеткенін айтқан.
«Юрий 2016 жылдың 4 ақпанында «Фольцваген Пассат» көлігімен үйінен шығып, Астанаға жұмыс іздеп кеткен. Қазіргі кезде оның қайда жүргені белгісіз. Жоғалған адамның бойы 170-175 см, дене бітімі орташа, шашы қысқа ашық түсті, көк көзді. Қара-көк түсті куртка, қара түсті, көк жолағы бар трико, қара түсті спорттық аяқ киім немесе қара түсті бәтеңке, тоқылған ақшыл түсті бас киім киген.
Сонымен қатар, Степногор қаласының 1977 жылғы тұрғыны Казбек Нұралин іздестірілуде. Ол 2016 жылдың 4 ақпан күні кешкі 20:00 минут шамасында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.
Егер оларды көрген адамдар болса, 8(7162) 29-11-14 немесе 102 хабарласуына болады», деп көрсетілген хабарламада.