Ақмола облысында екі жасар қыз баланы абайсызда көлік қағып кетті

Аймақтық полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше оқиға ауладан көлігін артымен шығарған жүргізушінің кінәсінен болған. Ол көліктің артқы жағында тұрған сәбиді байқамай қалған болса керек.

«Қыз бала сол жерде жан тапсырды. Жүргізуші спиртті ішімдік ішпеген», - делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше, бүлдіршіннің ата-анасы нәпақа табу үшін Астана қаласында жүрген көрінеді.