Бұл туралы брифингте Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нариман Сыздықов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Өкінішке орай, өңірде ана өлімі бар. Бүгінгі күні-екі ана өлімі коронавируспен байланысты, қазір ана өлімінің тағы бір жағдайы 2-МОБ-да тергелуде. Егер өткен жылы пандемияға қарамастан бізде ана өлімінің үш жағдайы ғана болса, биыл толық емес үш айда екі жағдай тіркелді, бұған қоса тағы біреуі тексеріліп жатыр", - деді Сыздықов.
Өткен жылдың 12 айында Ақмола облысында ана өлімінің үш жағдайы тіркелді: екі жағдай - Көкшетау қаласының 1-емханасында, бір жағдай – "Авиценна-Бурабай" ЖШС-де. Олардың ішінде екі жағдай COVID-19 және бір жағдай акушерлік патологиямен - эклампсиямен байланысты болды. 2019 жылы аймақта ана өлімінің екі жағдайы болған. Оның біреуі экстрагенитальды аурудан, екіншісі акушерлік патологиядан - босанғаннан кейінгі қан кетуден.
Басқарма басшысының айтуынша, өңірде 2020 жылы коронавирус жұқтырған 201 жүкті денсаулығында ақаулық бар жүкті әйелдерге күнделікті мониторинг және босанғанға дейін олардың бағытын бақылау жүргізіледі. Қазіргі уақытта жүкті әйелдер тіркелімінің деректері бойынша ауыр экстрагениталды аурулары және жүктілікке қарсы көрсетілімдері бар 23 жүкті әйел есепте тұр. Жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің жиілігі 3,5 құрайды.
"Ана өлімінің негізгі себебі жаңа белгісіз инфекциямен - CОVID-19, медициналық көмекті ұйымдастыру тарапынан кемшіліктермен байланысты: стационар деңгейіндегі жағдайды жете бағаламау, бастапқы кезеңде әлсіз ұйымдастырушылық, пандемияға байланысты медициналық көмекке қолжетімділіктің төмендеуі", - деп толықтырды басқарма басшысы.